Сол қолымен жазатындарда гормондық өзгерістер болады. Вена университетінің ғалымдары мен Австралия психологтары осындай қорытындығы келген.
Ер адамдарда бұған тестостерон жауап береді. Сондай-ақ, ол эмбрион миының сол жақ жарты шарының дамуын баяулатады.
Зерттеу көрсеткендей, солақай ерлер көбінде қыста немесе күздің соңында дүниеге келген.
Қыс айларында солақайлардың 8,2 пайызы дүниеге келеді. Ал, ақпан мен қазан аралығында тек 10,5 пайызы дүние есігін ашады.
Ғалымдардың болжамынша, шешуші фактор – нәресте мен ана ағзасындағы тестостерон гормонының деңгейіне әсер ететін күн сәулесі болып есептеледі. Егер анада тестостерон деңгейі қаншалықты төмен болса, солақай баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі соншалықты жоғары болады.
Ана бойына көктемде бала бітсе, күн сәулесі күзгіге қарағанда көп әсер етеді. Ал, күн көзі тестостерон деңгейін арттырады. Осыған байланысты мидың оң жақ жарты шары тез әрі жақсы дамиды, дейді мамандар.
Интернет материалдары бойынша әзірленді
ФОТО: thewomen.kz