Ғалымдар бөлме гүлдерінің адамға тигізетін әсерін зерттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар бөлме гүлдерінің адамға тигізетін әсерін зерттеді

05.12.2015
Ғалымдар бөлме гүлдерінің адамға тигізетін әсерін зерттеді

Ғалымдар тобы «Journal of Environmental Psychology» қызметкерлерінің қатысуымен бөлме гүлдерінің адамға әсері туралы тәжірибе жүргізген. Зерттеуге 1000-нан астам ерікті жас маман  жұмылдырылған. 

Мамандар қатысушыларды екіге бөліп, бірінші топқа кем дегенде 4 бөлме гүлі бар жайлы кеңсе берген. Кеңседегі  әр бұрышқа бір гүлден қойылған. Ал, келесі топқа ұсынылған жұмыс орны тек  hi-tech  стилінде жабдықталған, бірақ гүл қойылмаған.

Қатысушыларға берілген тапсырмалардың көбісі есте сақтау және мәтіндегі белгілі бір сөздерді  жаттаумен байланысты болған.

Тәжірибенің бірінші кезеңінде барлық қатысушыға бірдей тапсырма берілген. Бірақ кеңселерде өсімдік болмаған.

Қатысушыларға арнайы дайындалған мәтінді дауыстап оқып, әр сөйлемнің соңындағы сөзді жаттап алып, қойын дәптерге жазу тапсырылған.

Екінші кезеңге дейін зерттеушілер қойын дәптерлерді жинап алып, бірінші топтың кеңсесіне гүлдер қойып шыққан. Бұл айналымда қатысушыларға мәтіндегі қателерді тауып, оларды түзеу жүктелген.

Ал, үшінші кезеңде де олар мәтін оқып, соңғы сөзін жаттаған.

Үшінші кезеңнен соң белгілі болғандай, бөлме гүлдері қойылған кеңседе жұмыс істеген топ соңғы тапсырманы бірінші тапсырмаға қарағанда 31 пайызға жақсы орындаған. Сәйкесінше, hi-tech  кеңсесінде жұмыс істеген екінші топтың жұмыс өнімділігі  бірінші топқа қарағанда 39 пайызға төмен болған.

Ғалымдар  бұл көрсеткішті былай түсіндіреді: егер ғимаратта тірі өсімдіктер болса, қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігі жоғарылайды.  Сондай-ақ, стресс деңгейі төмендеп, жұмысқа зейіні артады.

Ғалымдар мұндай өзгерісті  ми гүлдерді сырттай бақылап, «саябақта өзінше кішігірім серуен жасауымен» байланыстырады.

Бұл – ми қызметінің жақсарып,  жұмыстың жемісті болуына септігін тигізеді.  Осы себепті америкалық компаниялардың кеңсесінде кем дегенде 1 гүлден болады, дейді.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

Хабарламаларға жазылу