Елбасы Еуразиядағы геосаяси жағдайға әсерін тигізетін қауіп-қатерді атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Еуразиядағы геосаяси жағдайға әсерін тигізетін қауіп-қатерді атады

12.11.2019
Елбасы Еуразиядағы геосаяси жағдайға әсерін тигізетін қауіп-қатерді атады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Клубының» V отырысында Еуразия кеңістігіндегі геосаяси жағдайға әсерін тигізетін қауіптерді атады.

«Мен де Еуразиядағы геосаяси жағдайға жағымсыз әсерін тигізетін қауіптер жайлы көзқарасымды білдірсем деп едім. Біріншіден, бізді келе жатқан дағдарыстан хабар беретін әлемдік экономикадағы ахуал алаңдатады. Сауда текетірестері өсіп келе жатқандықтан, геосаяси тұрақсыздық ахуалына әлемдік институттар теріс бағасын беріп жатыр. Жаһандық өсімнің бәсеңдеуі әлемдік саудаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыс алдындағы қарыз деңгейінен екі есе артып, әлемдік ЖІӨ-нің 80 пайызына жетті. Бұл факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылықты теңселтіп, Еуразия елдеріне қатты ықпал етіп отыр», - деді Елбасы.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу