Венесуэла бағаны реттеу үшін әлемдегі мұнай өндіру көлемін 5 пайызға азайтуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла бағаны реттеу үшін әлемдегі мұнай өндіру көлемін 5 пайызға азайтуды ұсынды

04.12.2015
Венесуэла бағаны реттеу үшін әлемдегі мұнай өндіру көлемін 5 пайызға азайтуды ұсынды

«Егер мұнай өндіру көлемін қысқартатын болсақ, бұл істі бәріміз болып, яғни ОПЕК-ке кіретін елдер мен оған кірмейтін Ресей сияқты ірі мұнай өндіруші елдер де бірлесіп жүзеге асыруымыз керек»,-деді Венесуэла өкілі.

Оның сөзінше, әлемдік мұнай бағасы тиімді болуы үшін әлемдік мұнай өндіру көлемін 5 пайызға төмендету керек. 

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Дель Пино осыған дейін мұнай бағасының барреліне 88 доллар болғанда оның тиімді болатындығын айтқан. Ол сонымен қатар, Венесуэланың әлемдік мұнай нарығының тепе-теңдік жағдайында болуын қалайтындығын да жеткізген. 

Мұнай экспорты Венесуэла үшін мемлекеттік бюжетті толықтырудың негізгі көзі. Алайда, бұл елдің шикізатының бағасы ұзақ уақыттан бері төменгі деңгейде тұр.

Оңтүстік Америкадағы бұл мемлекет мұнай өндіру көлемінен әлемде 5-ші орында тұр және жылына 3 млн баррель мұнай өндіреді. Мұнайға деген бағаның тұрақтануы аталмыш мемлекет үшін өте өзекті. 

Хабарламаларға жазылу