Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады

06.01.2021

ОПЕК + мұнай өндіруге қатысты қазіргі келісімді наурыз айына дейін ұзартады. Екі күнге жалғасқан отырыста тараптар осындай келісімге келді. Желтоқсанда олар биыл шикізат өндірісін 500 мың баррельге дейін арттыруға келіскен. Алайда вирус қайта өршіген уақытта Сауд Арабиясы ақпанда өндірісті азайтуды ұсынды. Бірақ Қазақстан мен Ресей шикізат өндірісін біртіндеп арттырады. Екі ел үшін бұл жолы жеке шарт жасалды. Ал Сауд Арабиясы керісінше мұнай өндіруді 1 млн баррельге қысқартады. Сонымен ақпан айында нарықта тәулігіне 1,4 млн баррельден аса мұнай азаяды. Бұл уақытта Brent бағасы 5 пайызға қымбаттап, баррелі 53,91 доллардан асты. WTI құны 4 пайызға өсіп, 49 доллардан асты. 

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: 
-Қазақстан мен Ресей елдеріне мұнай өңдеу көлемін өсіруге шешім қабылданды. Қазақстан үшін ол 10 мың баррель тәулігіне. Ресей үшін 65 мың баррель тәулігіне. Мұнай өндіру көлемін салыстырғанда ол қабылданған шешім пропорция ретінде қабылданды. 

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу