Нұрлан Әбдірахман 44 жыл бойы саз аспаптарын жасаумен айналысып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әбдірахман 44 жыл бойы саз аспаптарын жасаумен айналысып келеді

04.12.2015
Нұрлан Әбдірахман  44 жыл бойы саз аспаптарын жасаумен айналысып келеді

Нұрлан Әбдірахман  сапалы саз аспаптарын жасаумен айналысады. Ол 44 жыл бойы қолөнердің қыр-сырын игеріп, бүгінде білген-түйгенін балаларына үйретіп жүр.  Шебер осы саланы толық меңгеруі үшін «Отырар сазы», «Құрманғазы» оркестрлерінде жұмыс істеді.

«Шама келгенше аспапты музыкадан хабары бар адамдар жасағаны абзал. Бұрынғы заманда да біздің сал-серілеріміз аспаптарын өздері жасаған ғой. Бойына, ыңғайына, саусағына, дыбыс шығару жүйесіне сай икемдеп. Шебердің музыкалық білімі болғаны жақсы»,-дейді қолөнер шебері.

Дәл қазір Нұрлан Әбдірахман   аса күрделі аспаптың бірі жетігеннің құлақ күйін келтіруде. Оның дыбысын реттеуге біраз уақыт кетеді. Өйткені, бүл – жетігеннің жетілген түрі.  Қыл ішектің орнын темір ішек, асықтың орнын ағаш тиек басқан.

«Жетігенді қызыл ағаштан, өрнектеп отырып жасадым. Бір жаңалығы – ыңғайға қарай дыбысты өзгертуге болады. Себебі, аспапта ойнап отырған кезде құлақты бұрауға уақыт жетпей жатады. Сол сәтте мына тиектермен жарты тон, бір тон өзгертуге мүмкіндік бар»,-дейді Нұрлан Әбдірахман.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

 

Хабарламаларға жазылу