Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауапты. Бұл ретте келіншектерге тамақтанудың маңызы зор. Ол үшін қандай ас ішіп, қалай тамақтану керек?
«Таңшолпан» ұсынған бірер маңызды кеңеске құлақ түріңіз:
- Жемістердің пайдасы айтпаса да белгілі. Жеміс-жидектердің дені тоқ ішекті қатерлі ісіктен қорғап, дене салмағын реттейді. Әсіресе, алма тіс, өкпе дертінің алдын алады. Кез келген жемістің құрамы жасушаға бай болғандықтан, жүкті әйелдерге оң септігін тигізеді.
- Дәрігерлердің айтуынша, болашақ аналарға тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар.
- Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды. Сондықтан, сүт өнімдерін мәзірден түсірмеген дұрыс.
- Ас тұзының мөлшерін жүктіліктің бірінші жартысында 10 грамға дейін және екінші жартысында 6-8 грамға дейін шектеу керек. Ол денені ісіктен қорғайды.
- Жүкті келіншектер шұжық, түрлі консервантты өнімдерден бас тартуы қажет. Оның пайдасынан зияны көп.
- Керісінше, ақуыз бен темірге бай тауық еті мен жылқы етін жиі тұтынған жөн, дейді мамандар.
- Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдер көп мөлшерде су ішуі тиіс. Суды шектеудің қажеті жоқ. Тәулігіне 2 литр су пайдаланған артық емес.