Поволжье аймағындағы қалыптасқан циклон сағатына 80 км жылдамдықпен белсенді ағымдар арқылы Батыс Сібірге бет алады. Ал, онымен байланысты атмосфералық ағымдар Қазақстан арқылы өтеді де аймақта қар түсіп, жауын-шашын да болады. Жолда көктайғақ болып, тұман түседі.
Сондай-ақ Шығыс Еуропаның аймағынан 28-қарашада еліміздің батыс аймақтарында суық атмосфералық ағымдарды антициклон алмастырады және ол көктемнің соңғы күндерінде республиканың шығыс аймақтарына жетеді.
Антициклонның шығысқа қарай бет алуына орай, жауын-шашын аз түсе бастайды. Сондай-ақ ауа температурасы да төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.