Аукцион өткізу туралы хабарландыру 2015 жылы 29 тамызда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Өткен жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігі.
«Аукцион арқылы жер қойнауын пайдалану құқын беру кезінде жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемі қатысушы ұсынған қол қойылатын бонус құнының мейлінше үлкен болуына байланысты. Ал, басқа талаптар бәсекелесті сауданы өткізу туралы хабарламада толығымен көрсетілген және барлық қатысушыларға ортақ. Бұл аукцион мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді және аукционға қатысушылардан барынша мол қаржы түседі әрі қол қойылатын бонустан түсетін қаржы барынша еселенеді, жеңімпазды анықтаудың ашықтығын қамтамасыз етеді»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда «Жер қойнауы туралы» заңда аукционды өткізудің мерзімі және кезеңдері қатаң шектелгендігі айтылады. Бұл шара сауда қорытындыларын жариялауды себепсіз кешіктіруге жол бермейді.