Футзалдан Ұлттық студенттер лигасында шымкенттік «Достық» командасы чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан Ұлттық студенттер лигасында шымкенттік «Достық» командасы чемпион атанды

24.11.2015
Футзалдан Ұлттық студенттер лигасында шымкенттік «Достық» командасы чемпион атанды

Бірінші жартылай финалдық кездесуде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Арлан» және Қарағанды экономикалық университетінің «Қазтұтынуодағы» командалары кездесті. Екі клуб негізгі және қосымша уақытта гол соға алмай, ойын соңындағы пенальтиге жүгінді. 6 метрлік пенальтиде қарағандылықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші жартылай финалдық матчта Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің «Достық» және Алматыдағы Каспий жалпы университетінің «Caspian University» командалары кездесіп, «Достық» клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші орын үшін өткен ойында «Caspian University» футболшылары алматылық «Арлан» клубын 4:3 есебімен жеңді.

Ал, финалда «Достық» клубы «Қазтұтынуодағы» командасын 5:1 есебімен ұтып, маусым чемпионы атанды.

Айта кетейік, 2015 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық студенттер құрамасы жасақталып, 2016 жылдың сәуірінде өтетін Азия чемпионатына, ал, жазда Бразилияда болатын Әлем чемпионатына қатысады.

 

kz.otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу