«Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Дара» бәйгесіне қатысушылар жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Дара» бәйгесіне қатысушылар жолға шықты

11.05.2023

«Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Дара» білім бәйгесіне қатысатын қостанайлық студенттер бүгін жолға шықты. Сайыста еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының 32 командасы өзара сынға түседі. Әр командада 6 студент бар, барлығы 200-ге жуық адам. Олар өз өңірлеріндегі білім жарысында топ жарып үздік деп танылғандар. Сайысқа түсуші командалар интеллектуалды сұрақтарға жауап беруі керек.

Мәдина Бөкенова «Дара» Ұлттық білім бәйгесіне қатысушы:

10 бағытта өтеді. Мұның пайдасы білімімізді жетілдіреміз. Екіншіден, өзіміздің деңгейімізді өзге де оқу орындарына көрсетеміз. Осы жобаны ұйымдастырушы Ұлттық арнаға алғысымыз шексіз.

Сол сияқты озық ойлы, зерделі шымкенттік жастар командасы да білім бәйгесіне жол тартты. Оның құрамында зияткерлік ойындарының жеңімпаздары болған 6 студент бар. Топ мүшелері болашақ заңгер, филолог, тарих-педагогика және агрокешен саласының мамандары.

Алтынбек Мақұлбек, «Дара» Ұлттық білім бәйгесіне қатысушы:

Бұл бәйгеде студенттер білімге деген құштарлығын арттырады. Бақ сынып, жарысып білім бәйгесінде бәсекелестік туындайды. Осының арқасында білімге деген әлем тануымыз, түрлі салларды зерттеуіміз білім деңгейіміздің өсуіне үлес қосады деген ойдамыз.

 Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу