«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасында көкшетаулық Гүлмира Жакелина Елдос Қадірхановпен сайысқа түсті. Қатысушыны Құрмаш Махановтың тобы қолдап, У.Шекспирдің «Гамлет» шығармасын сахналады.
«Гамлет» трагедиясынан комедия жасадық. Ол мюзиклға айналып кете жаздады. Бұл маған жаңалық болды», - деді қазылар алқасының мүшесі Сайлау Қамиев.
«Гамлет» қойылымы қазылар алқасының көңілінен шығып, ең жоғары 15 ұпайды иеленді.
Айта кетейік, Гүлмира Жакелинаның қарсыласы Елдос Қадірханов тобы У.Шекспирдің «Отелло» шығармасын сахналады.