Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

18.11.2015
Айдар Әріпханов  Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

Айдар Әріпханов Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын бітірген. 2000 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік бітірді. Бұдан соң «Болашақ» Президенттік бағдарламасы аясында Колумбия университетін тәмамдап, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшелендіру магистры дәрежесін алды.

Айдар Әріпханов әр жылдары ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесі бастығының орынбасары, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры лауазымдарында болған.

2011 жылғы мамыр айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу