Бүгін Президент Жарлығымен Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болған еді.
Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол Ұлттық экономика вице-министрі, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, Монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/131023/)