«Таңшолпанда» - «Black Star kz» тобы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Black Star kz» тобы

18.11.2015
«Таңшолпанда» - «Black Star kz» тобы

Қазақтың қара домбырасын күмбірлете тартып отырған қара балалар «Black Star kz» тобы. 2013 жылы Нигериядан біздің елге келген өнерпаз жігіттер бірнеше жылын Бакуде өткізген. Елімізге келгеніне екі-ақ жыл болса да, қазақ тілін біршама меңгеріп алған.

«Біздің Әзірбайжанда қазақ досымыз бар. Бакуде таныстық. 2009 жылы құрылған тобымыз тек «Black Star» деп аталды. Сол елдің тілімен «Кара юлдыз» болдық»,-дейді топ мүшелері.

Мұса Зибо бір жылдың ішінде домбыра шертуді үйреніп алған. Қазір қазақтың күйлерін бірінен соң бірін қиналмай тартады.

Жігіттер «шоу-бизнесте жүрген соң, тойға да ара-тұра шығып тұрамыз»,-дейді.  «Black Star kz» тобы болашағын біздің елмен байланыстырады. Қазір олар кино түсіру үстінде.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу