«Қазақстан» РТРК» АҚ УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының көрсетілім құқығына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының көрсетілім құқығына ие болды

15.08.2018
«Қазақстан» РТРК» АҚ УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының көрсетілім құқығына ие болды

«Қазақстан»  Республикалық  телерадиокорпорациясы  FIFA-2018 футболдан Әлем чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантақ.  Бұл жолы корпорация УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында  3 жыл бойы  көрсету  құқығына  ие  болғанын  хабарлайды.

«Qazaqstan»  және «Qazsport»  телеарналары  футбол әлеміндегі  2018/2019 маусымындағы ең таңдаулы  клубтардың  тартысты матчтарын  2018 жылдың 15 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 маусымына дейін тікелей эфирде  көрсететін болады.

«Qazsport»  телеарнасы 15 тамызда алғашқы УЕФА Суперкубогі  кездесуі  - «Реал» мен Еуропа Лигасының жеңімпазы «Атлетико» арасындағы ойынды көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы еурокубоктік бәсекелерді 2009 жылдан бастап көрсетіп келеді. Алғашқы жылдары бір жылға ғана трансляция құқығын иеленсе, енді үшжылдық келісімшартқа қол қойылды.  

Сондай-ақ, футболсүйер қауым барлық матчтарды  кез келген уақытта «Qazaqstan TV» мобильдік қосымшасы арқылы тамашалай алады. Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеу тегін.

 

УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018 жылғы тамыз айындағы көрсетілім кестесі

«QAZSPORT» телеарнасы

Матч

Күні

Уақыты (Астана)

Телеарна

1

БЕНФИКА (Португалия) – ПАОК  (Грекия)

21 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

2

БАТЭ (Беларусь) – ПСВ ЭЙНДХОВЕН  (Нидерланд)

21 тамыз

00:50

QAZSPORT

3

АЯКС (Нидерланд) -  ДИНАМО КИЕВ  (Украина)

22 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

4

ДИНАМО КИЕВ  (Украина) - АЯКС (Нидерланд)

28 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

5

ПАОК (Грекия) – БЕНФИКА (Португалия)

29 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

6

ПСВ ЭЙНДХОВЕН (Нидерланд) – БАТЭ (Беларусь)

29 тамыз

00:50

QAZSPORT

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу