Жұлдызды футбол (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұлдызды футбол (ВИДЕО)

17.11.2015
Жұлдызды футбол (ВИДЕО)

Олардың бірі – әнші, бірі – актер, бірі – боксшы, бірі – палуан. «Алатау» атты өнер майталмандарынан құралған футбол командасы спорт саңлақтарынан құралған  «Ұлы дала батырлары» құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Бұл матч Чемпиондар лигасының финалына шыққан «Астана» футбол командасының жетістігі мен елімізде футболды насихаттауға, жастарды саламатты өмір салтына тартуға арналды.

«Алатаулықтар» сапын «Нұр-Мұқасан», «МузАРТ», «Mysterions», «Rin’Go», «Серілер» тобы, сондай-ақ, Жұбаныш Жексенұлы, Әділ Ахметов, Нұржан Керменбаев, Мелс Сағатұлы сынды өзге де  эстрада жұлдыздары толықтырды.

Ал, қарсылас «Ұлы дала батырлары» командасының құрамында Қазақстан барыстары – Бейбіт Ыстыбаев, Ұлан Рысқұлов бастаған палуандар, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Елеусінов секілді былғары қолғап шеберлері және өзге де спортшылар болды.

Бірінші таймда екі команда да алма-кезек шабуыл жасап, бір-бірінің қорғанысын бұзуға тырысты.  Алайда, алғашқы таймда есеп ашылмады.

Жұлдызды футболдың барысы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу