Жұлдызды футбол: Қазақ әншілері ресейлік әріптестерінен басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұлдызды футбол: Қазақ әншілері ресейлік әріптестерінен басым түсті

05.05.2014
Жұлдызды футбол: Қазақ әншілері ресейлік әріптестерінен басым түсті
Бүгін отандық эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол клубы мен Ресейдің «Starco» футбол клубы ашық алаңда достық кездесу өткізді. Отандық топ орталық стадионға лық тола жиналған қауымның үмітін ақтады.
 
Ресейліктердің қақпасына соғылған екі голдың авторы - әнші Жұбаныш Жексенұлы. Ал, үшінші допты «Арай» тобының әншісі Медет салды.
 
Қазақ ойыншыларының ішінде әнші әрі кәсіби футболшы Абдулкәрім Кәрімов Қазақстанның қақпасына тура бағытталған 5 допты қайтарып, ойынның фаворитіне айналды.
 
Ойынға клуб президенті - Ғалымжан Арыстанбекұлы, команда капитаны - Мұқасан Шахзадаевжәне Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбек БеспаевСәкен Майғазиев сынды өнер иелері мен«Rin'go», «Mysterions» топтарының жігіттері қатысты.
 
Айта кету керек, футболдан түсетін табыс көмекке мұқтаж жандарға таратылатын болады.  Осыған дейін де матчтан түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалған екен.
 

Хабарламаларға жазылу