Бүркітшілер сайысы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүркітшілер сайысы (ВИДЕО)

17.11.2015
Бүркітшілер сайысы (ВИДЕО)

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елорда маңында қолына бүркіт ұстап, құсбегілік өнерді қайта түлеткен жанның бірі – Күнтуған Тоқтыбайұлы. Ел намысын қорғап, бүркітшілердің халықаралық фестивалінде топ жарған құсбегі  жастарға үлгі бола білді.

Таяуда Астанада өткен Бүркітшілердің республикалық турнирі де әйгілі құсбегінің есімін ұлықтауға арналған. Еліміздің барлық аймағынан келген бүркітшілердің арасынан ерекше көзге түскені шығысқазақстандық құсбегі болды.

Бүгінде еліміздегі құсбегілердің тәжірибесі көбейді. Бүркітшілер Алтайдың Ақиығынан бастап, Тарбағатайдың Көкшегірін, Баянауылдың Қызыл балағына дейін қолдарына қондырды.  Тіпті, біздің бүркітшілер шетелде қазақтың осынау ғажап өнерін ұлықтап жүр.

«Қазақстан – құсбегіліктің отаны. Сондықтан, біз әлемде бірінші болуымыз керек. Бұл – құсбегі бабаларымыздың бізге деген аманаты»,-дейді бүркітші Мүлік Сәдуақасов.

Елімізде жыл сайын өтетін бүркітшілер сайысы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу