ШҚО-да бүркітшілер сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да бүркітшілер сайысы өтті

10.02.2019

Қалың жауған қар саятшылар үшін таптырмайтын олжа. Ақ әлемде қыбыр еткен тіршілік иесі қыранның көзін қызықтырмай қоймайды. Бабадан келе жатқан байырғы дәстүр бұл жолы Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылып, бүркітшілер сайысы өтті. Қыранын қолына алып, жүйрік атын тақымдаған саятшылар Тарбағатай ауданында жиналып, қиқу салып, қызыққа кенелді. Ересектер арасындағы бүркітшілердің 13-ші республикалық чемпионатына еліміздің әр өңірінен  ең мықты құсбегілер жиналды. Барқытбелдің баурайында бас қосқан жұрт бүркіт, қаршыға, ителгі баптаған жігіттердің өнерімен қоса, тай жарысын да  тамашалап қайтты.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу