«Келбетте» - Рафаэль Ниязбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - Рафаэль Ниязбек

15.11.2015
«Келбетте» - Рафаэль Ниязбек

Қазіргі таңда ақын-жазушы баршылық, бірақ өз елінде жүріп өзге елдің тағдыры үшін жаға жыртысқан ақын біреу-ақ. Ол – Рафаэль Ниязбек.

Рафаэль Ниязбек – қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың екінші жартысында танымал болған ақын. Әдебиеттегі жолын ақындықпен бастағанымен, шығармашылық кемелденуден кейін прозалық туындыларға да қадам басқаны белгілі.

Қай жанрда қалам тартпасын Р.Ниязбек ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын, тілі де, құрылысы да өзіне ғана тән, тақырыбы кең шығарма әкелуге ұмтылды.

Ол қазақ әдебиетінде бір тақырыптың төңірегін шиырлай зерделеп, кешенді шығарма жазудың озық үлгісін көрсетіп берді.

Шешен Республикасының ең жоғары «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік және халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, белгілі жазушы, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбек бүгін 14:25-те «Келбет» хабарында.

Хабарламаларға жазылу