«Kazsport» телеарнасы Алматы қаласында комментаторларға кастинг өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы Алматы қаласында комментаторларға кастинг өткізеді

12.11.2015
«Kazsport» телеарнасы Алматы қаласында комментаторларға кастинг өткізеді

«Kazsport» телеарнасы 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында (Желтоқсан даңғылы, 177) комментаторларға кастинг өткізеді.

Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru адресіне жіберу қажет.

Алматы қаласында спорттық шаралар көп өткізіледі. Сол себепті телеарнаға еліміздегі ең ірі қалада тұратын жергілікті комментаторлар аса қажет.

«Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады.

Айта кетейік, бұл  телеарнаның 2015 жылы төртінші, Алматыда өткізіп отырған бірінші байқауы.

Үміткерлердің өзімен бірге төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы шарт.

Хабарламаларға жазылу