«Kazsport» Алматыда комментаторларға кастинг өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» Алматыда комментаторларға кастинг өткізеді

12.12.2016
«Kazsport» Алматыда комментаторларға кастинг өткізеді

5 желтоқсанда Алматы қаласында «Kazsport» телеарнасының комментаторларына кастинг басталады. Түйіндемелер kazsporttv.kz@mail.ru электрондық поштасы арқылы 14 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін қабылданады.

Телеарнаға білімі жоғары, жасы 22-ден асқан мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгерген комментаторлар қажет. Іріктеу сынында велоспорт, бокс, баскетбол, волейбол, хоккей, ұлттық спорт түрлері, мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, жүзу және спорттың барлық түрінен хабары бар қыз-жігіттердің  кандидатуралары қарастырылады.

Кастинг мақсаты – комментаторлар құрамын жаңа есімдермен толықтырып, белгілі бір спорт түрінен репортаж жүргізе алатын сарапшы-мамандар және әмбебап комментаторлар қатарын толықтыру.

Бұл 2016 жылда өткізілетін үшінші кастинг. Наурыз айында Астанада өткен бірінші іріктеу сынында «Көкпар» бағдарламасының комментаторлығына үміткерлер таңдалды, қарашада өткен екінші байқаудан төрт жаңа комментаторға таңдау жасалды.  

Кастинг 2016 жылдың 16-18 желтоқсан күндері сағат 11:00-де Алматы қ., Желтоқсан к., 177 («Қазақстан» РТРК АҚ Алматы филиалының ғимараты) мекен жайында өткізіледі.

Кастинг барысында футбол (Қазақстан чемпионаты), бокс (Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов), волейбол (Қазақстан чемпионаты), велоспорт (Тур де Франс), ұлттық спорт (көкпар, аударыспақ, қазақша күрес), хоккей (ҚХЛ «Барыс»), мәнерлеп сырғанау (Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева), көркем гимнастика (Сабина Әшірбаева) бойынша ақпарат қолданылады.

Хабарламаларға жазылу