«KAZsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды

23.10.2015
«KAZsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды

Кастинг 27 қазан күні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өткізіледі. Түйіндемелерді 25 қазанға дейін kazsporttv.kz@mail.ru адресіне жіберу қажет.

Бұл -  2015 жылы өткізіліп отырған үшінші байқау. Алғашқы екі конкурстың нәтижесінде таңдалып алынған үш комментатор қазіргі уақытта «KAZsport» телеарнасында жемісті қызмет атқаруда.

Кастингтің нәтижесінде спорттық арнада алғаш рет мәнерлеп сырғанау және көркем гимнастика трансляцияларында қазақша әйел дауысының пайда болғанын ерекше атап өту керек.

«KAZsport» телеарнасының жаңа комментаторы Лилиана Әлжанова мәнерлеп сырғанаудан Шанхайда, көркем гимнастикадан Штутгарт қаласында өткен әлем чемпионаттарындағы жұмысы үшін көрермендерден жоғары баға алды.

Сондай-ақ, Лилиана 23 қазан күні тұсауын кесетін мәнерлеп сырғанаудан «Гран-при» сериясының трансляцияларында жұмыс істейді.

«KAZsport» телеарнасы бағын сынаймын деген үміткерлерге, кастингке асқан жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Еліміздегі спорт журналистикасының осы бір жауапты саласында бағын сынап, танымал комментатор атануға үмітті жандардың барлығын кастинге шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу