Қырғызстанның сыртқы саудасы 18,2 пайызға қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанның сыртқы саудасы 18,2 пайызға қысқарды

11.11.2015
Қырғызстанның сыртқы саудасы 18,2 пайызға қысқарды

Бұл туралы осы елдің Ұлттық статистика комитетінің төрағасы Акылбек Осмоналиев сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды КирТаг.

Оның сөзінше, биылғы жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында сыртқы сауда көлемі  өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 18,2 пайызға, экспорт 5,3 пайызға кеміген.

Алтынды есепке алмағанда ТМД мемлекеттеріне тасымалданатын тауарлар көлемінің азаюының салдарынан экспорт көлемі 25 пайызға қысқарған.  

Экспорт көлемінің төмендеуі киім-кешектердің тасымал көлемінің 1,9 есеге, көкөністер мен жеміс-жидектер көлемінің 1,7 пайызға, сүт пен сүт өнімдері көлемінің 14,4 пайызға, мақта көлемінің 4,5 пайызға азаюының нәтижесінде болды»,-деді комитет төрағасы.   

Оның мәліметтерінше, экспорттың жалпы көлемінің төмендеуіне қарамастан, алтынның тасымал көлемі өткен жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі жағдаймен салыстырғанда, 28,7 пайызға артқан. Ал. алтынның экспорттың тауарлы құрылымдағы үлесі 49,9 пайыз.

 .

 

 

Хабарламаларға жазылу