Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» атты имидждік жоба ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» атты имидждік жоба ұйымдастырылады

10.11.2015
Ұлттық музейде  «Жұлдызды гид» атты имидждік жоба ұйымдастырылады

ҚР Ұлттық музейінде 26 қараша күні «Жұлдызды гид» атты имидждік жоба ұйымдастырылады. Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шарада отандық өнер жұлдыздары музейдегі гид қызметін көрсетеді. Музей қонақтары әншілер мен ақындарды гидтік қырынан танып, өздеріне қажетті ақпаратты алады. Жобаның басты мақсаты – Ұлттық музейдің қоғамдағы имджін арттыра отырып, экскурсовод қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру.

«Жұлдызды гид» атты жобаға ақын Қалқаман Сарин, әншілер Клара Төленбаева, Қарақат Әбілдина, Құрмаш Мақанов, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров пен Гүлнұр Оразымбетова қатысады.

Аталған өнер жұлдыздары Ұлттық музейдің бірнеше залдары бойынша гид қызметін атқарады.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Жұлдызды гид» жобасын 26 қараша күні сағат 14.00-ден бастап тамашалай алады. Шара соңынан жұлдыздардың концертін тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу