Ұлттық музейде «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті (Фото) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті (Фото)

14.03.2016
Ұлттық музейде «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік  іс-шара өтті (Фото)

Бұл туралы Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі хабарлайды.

Шара аясында мектеп оқушылары театрландырылған қойылымды тамашалады. Аңыз кейіпкерлері Қыдыр ата мен Ұмай ана балаларға бата берді, Алдар көсе мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әжелерден құралған топ әннен шашу шашты.

Мерекелік жиында қол күресінен, асық атудан, арқан тартудан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.

«Армысың, әз Наурыз» мерекелік іс-шарасын өткізудегі басты мақсат – Ұлыстың ұлы күнін тәрбие тетігі ретінде пайдалана отырып, жас ұрпаққа қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытуға, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.

Айта кетейік, Ұлттық музейде Ұлыстың ұлы күніне орай балаларға арналған ертеңгіліктер 14-24 наурыз аралығында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу