Ұлттық музей жариялаған «Тарихи фотосуреттер» атты фотобайқаудың қорытындысы шықты (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музей жариялаған «Тарихи фотосуреттер» атты фотобайқаудың қорытындысы шықты (ФОТО)

24.11.2015
Ұлттық музей  жариялаған «Тарихи фотосуреттер» атты фотобайқаудың қорытындысы шықты (ФОТО)

Ұлттық музей  Қазақ хандығының 550 жылдығы,  Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы  Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы сынды атаулы даталарға арнап өткізген «Тарихи фотосуреттер» атты республикалық фотобайқаудың қорытындысын жариялады.

Осыған орай комиссия отырысы өтті. Қазылар алқасы байқауға келген суреттерді іріктеп, олардың арасынан ұсынылған тақырыптардың мазмұнына лайық деп танылған туындыларды таңдап алды.

Байқауға қатысқан үміткерлер шартта көрсетілгендей 4 тақырыпты толық ашып бере алмағандықтан, комиссия мүшелері  жеңімпаздарды әр тақырып бойынша жеке-жеке анықтады.

Нәтижесінде төмендегі тақырыптар бойынша жеңімпаздар анықталды. 

         1. Қазақ хандығының 550 жылдығы - Қанат Нұртазин;

         2. Жеңістің 70 жылдығы - Вадим Мударисов;

         3. ҚР Конституциясының 20 жылдығы   - Мақсат Шағырбаев;

         4. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы  - Мақсат  Шағырбаев.

Жеңімпаздарды   марапаттау салтанаты мен олардың жеке көрмесі Ұлттық музейде 2016 жылдың қаңтар айында ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу