Бүгінгі таңда шаруашылықта 1300 бас негізгі мал табыны бар.
Жайылым жерлерінің жалпы алаңы 24,5 мың гектар. Жобаның жалпы құны - 1 439 163 мың теңге.
Жоба жылына Қазақстанның тамақ, фармацевтикалық және косметологиялық өнеркәсіптерінде пайдаланылатын, сондай-ақ Евроодақ елдеріне экспортталатын 10 тонна құрғақ ұнтақты өндіруді көздейді.
Айта кетейік, бұл Осакаровка ауданы бойынша Индустрияландыру картасына енгізілген үш жобаның бірі.