Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды

29.07.2022

Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі анықталды. Әскери қызметкердің миына қан кеткен. Бірақ қандай жағдайда орын алғаны белгісіз. Сондықтан аталған факт бойынша оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Шекара қызметінің басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетіп жатыр. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу