Биыл Астанада «Әсерлі ән сал, домбыра» атты әсем әнді әуелетіп, күй күмбірлеткен дәстүрлі орындаушылар кеші өткен еді.
Концерт «Сарыарқа» халық музыка ансамблі мен «Шалқыма» ұлттық би ансамблінің өнерімен ашылды.
Секен Тұрысбек, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, Нұрай Танабаев, Гүлзира, Жазгүл Даңылбаева, Зульфия Баймұрзаева, Күнсұлу Тұрлыбекова, Жақсыкелді Маясаров, Нұртай Тельман, Рахат Бегасылов және Данияр Мұқанның өнерін көргіңіз келсе, бүгін 18:20-да Ұлттық арнаны қосыңыз.