Бекітілген су қоймаларында балықтандыру бойынша тиісті шаралар ұйымдастырылып, 57 700 балық жіберілген болатын.
Сонымен Қоянды су қоймасында 21 мыңға жуық айналы-алтайлық тұқыбалық сеголеткасы және Вячеславка су қоймасында 36 700 қазақстандық тұқыбалық сеголеткасымен балықтандыру жүргізілді.
Айта кетейік, жыл сайын өзендерге балық жіберу жұмыстары жүргізіледі. Былтырғы жылы Вячеславка су қоймасы 20 мыңға жуық ақ амур балығының шабақтары және 2 мыңдай тұқы балығының сеголеткаларымен балықтандырылса, Қоянды су қоймасында ақ амур балығының шабақтары мен тұқы балығының сеголеткалары сияқты бағалы балықтар жіберілген еді.