«Көсемсөздің көсемі» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көсемсөздің көсемі» атты кітап жарық көрді

06.11.2015
 «Көсемсөздің көсемі» атты кітап жарық көрді

Ел тағдыры таразыға түскен уақытта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхаметовтер бастаған қайраткерлер қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлт мүддесі жолында аянып қалмады.

Олардың асыл мұраты мен атқарған істерін ұрпақтың жадына сіңіру, Алаш идеясын насихаттау ғасырдан-ғасырға жалғасуы тиіс. Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы – филология ғылымдарының кандидаты Аманқос Мектептегі.

«Жалпы, Алаш ардақтылары ақталған жылдан бастап, мақсаты – Алаш  қайраткерлері туралы тың деректерді жұртқа жариялау болды. Кезінде Омбы, Петербор, Мәскеу, Қазан қалаларындағы мұрағаттарды, Қазақстандағы мұрағаттарды түгел аралап, мол дерек жинаған. Сол деректердің бір парасын Х.Досмұхаметовтың публицистикасы арқылы монография түрінде шығарды»,-дейді журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы.

«Көсемсөздің көсемі» деп аталған кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қайраткердің саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасуы, қазақ демократиялық баспасөзі негізінің қалануы және Халел Досмұхаметовтің публицистикасы туралы баяндалса, екінші бөлімге көсемсөз шеберінің мақалалары жинақталған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу