Еуроодақтың болжамынша, Еуропаға бет алған босқындар ағыны 2017 жылға дейін азаймайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақтың болжамынша, Еуропаға бет алған босқындар ағыны 2017 жылға дейін азаймайды

05.11.2015
Еуроодақтың болжамынша, Еуропаға бет алған босқындар ағыны 2017 жылға дейін азаймайды

Жалпы алғанда, Еуропаға бағыт алған мигранттар легі 2017 жылға дейін толастамайды, деп хабарлайды АР агенттігі.

Биылғы жылдың басынан бері Еуропаға баспана мен жұмыс іздеп, 700 мыңнан астам адам келді.

Бейсенбі күні жарияланған экономикалық болжам одаққа осы уақытқа дейін келген мигранттардың саны мен аймақтың одан әрі көшіп-қону мүмкіндіктеріне  негізделген. Бұл мәліметтер бойынша, босқындар легі 2017 жылға дейін толастамайды.

Алдын ала болжам жасалып отырған уақыт аралығында ЕО елдеріне тағы 3 миллион адам келеді, деп хабарлайды АР.  

Жақында ғана Еурокомиссия Еуропалық Одаққа мүше 28 елдің тек 15-і ғана квоталар мен оларды тарату тетігі негізінде босқындарды қабылдай алатынын мәлімдеген болатын.   

Айта кетейік, қазан айында Еуропаға рекордтық деңгейдегі босқындар келді, олардың саны осы айда 220 мың адамға жетті.

 

 

Хабарламаларға жазылу