Президент ҚАЗҰУ ректорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ҚАЗҰУ ректорын қабылдады

07.11.2023

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректорын қабылдады. Жансейіт Түймебаев Президентке Жоғарғы оқу орнындағы маман даярлау ісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.

Сондай-ақ, жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатқанынан хабардар етті. Кездесу соңында Президент білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және оқу орнының қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жансейіт Түймебаев, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ректоры:

Қазіргі таңда ҚазҰУ-де 27 мың студент оқиды. Дүниежүзідік QS рейтингінде алғашқы 250-дің ішінде. Одан әрмен қарай ғылым-білім саласын сапалы түрде дамытуды тапсырды. Университетімізде заманға, талапқа сай IT технология бойынша жаңа орталық салу жоспары баяндалды.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу