БАҚ: Оңтүстік Суданда құлаған Ан-12 ұшағында 50 адам болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ: Оңтүстік Суданда құлаған Ан-12 ұшағында 50 адам болған

04.11.2015
БАҚ: Оңтүстік Суданда құлаған Ан-12 ұшағында 50 адам болған

Апаттың салдарынан көз жұмғандардың арасында үйлеріне ұшақ құлаған жергілікті тұрғындар да бар.

4 қараша күні Оңтүстік Суданның астанасы халықаралық Джуба әуежайының маңына құлаған АН-12 жүк ұшағының бортында 50 адам болған.

Бұл туралы  жергілікті Sudan Tribune басылымы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.   

Билік өкілдері сонымен қатар, 41 адамның мерт болғандығы туралы мәліметтерді де растады.

Жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, мерт болғандардың арасында жергілікті тұрғындар да бар. Апатқа ұшыраған ұшақ олардың үйлерінің төбесіне құлаған.   

БҰҰ Миссиясының деректері бойынша, Оңтүстік Суданданның Жоғары Ніл штатының Палох қаласына ұшып бара жатқан ұшақ ұшу алаңынан шамамен 800 метр аралықта құлдилаған.

Әуе кемесі Ақ ніл өзенінің бойындағы шағын аралдардың біріне құлаған.  

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу