Ресейлік АН-26 ұшағы құлап, 39 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік АН-26 ұшағы құлап, 39 адам қаза тапты

07.03.2018

Сирияның Хмеймим әуе базасына құлаған ресейлік АН-26 ұшағы бортында болған 39 адам қаза тапты. Марқұмдардың барлығы - әскери қызметкерлер. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Яғни, ол қасақана атып түсірілмеген. АН-26 Хмеймим әуе базасы жолағына 500 метрдей қалғанда жермен түйіскен. Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы болған оқиғаны жан-жақты тексеріп жатыр. Ресми мәліметтерге сай, Сириядағы әскери науқан кезінде бас-аяғы  44 ресейлік жауынгер қаза тапқан. Ал, «Рейтердің» мәліметінше, 2017 жылдың өзінде Араб Республикасында 131 ресейлік жалдамалы сарбаз мерт болған.  

 Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу