«Таңшолпанда» - «Жас дарын» байқауының жүлдегерлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Жас дарын» байқауының жүлдегерлері

14.10.2014
«Таңшолпанда» - «Жас дарын» байқауының жүлдегерлері

Жақында «Жас дарын» республикалық шығармашылық байқауының ұйымдастырушысы Айнұр Қайыржанқызы, сол байқауда күй өнері бойынша Бас жүлдені жеңіп алған Ақеділ Фархатұлы мен мәнерлеп оқу бағытының жүлдегері Ислам Тілекешев бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл байқау  Алматы қаласында осымен үшінші жыл өткізіліп отыр.  Негізгі мақсатымыз – қазақ жерінің түкпір-түкпірінде үлкен сахнаға шыға алмай  жүрген таланттарды бір ортаға жинау. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қазақпыз. Сол себепті, баланы жас кезінен шыңдайық, бойындағы талантын ашайық деген ниетпен ұйымдастырдық»,-дейді ұйымдастырушысы Айнұр Қайыржанқызы.

«Биыл республиканың барлық облысынан келді. Айта кетер жайт, елдің орталығынан гөрі биыл шалғай ауылдардан келген қатысушылар басым болды»,-дейді ұйымдастырушы.

«Біздің байқаудың ерекшелігі сол, біз жасөспірімдермен бірігіп, байқау атынан қайырымдылық акциясын өткіземіз. Алдағы уақытта іске асыратын басқа да жоспарлар бар»

Жас дарындардың өнерімен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу