Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыссыздықты алдын алу шараларына бойынша өткен баспасөз мәслихатында елорда әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.
«Жұмыссыздықпен күресуге бағытталған іс-шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызға төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Бұл
өз кезегінде бүгінде Астанаға көшбасшы орында тұрақтауға мүмкіндік берді», - деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан.
Елорданың еңбек нарығында «2015 жылға арналған Астана қаласының жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспары» жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, бос орындар жәрмеңкесі мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елордада 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, ай сайын бос орындар саны артуда.
«Жыл басынан бері 10 мыңға жуық адам өтініш білдірді. Оның ішінде 4,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды», – деді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Оның айтуынша, Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіргендердің жалпы санының 95 пайызы жұмыспен қамтылды.