Халықаралық ЭКСПО көрмесінің байрағы Астанға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық ЭКСПО көрмесінің байрағы Астанға жеткізілді

02.11.2015
Халықаралық ЭКСПО көрмесінің байрағы Астанға жеткізілді

Байрақты ресми түрде табыстау рәсімі кезінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 бас комиссары Рапиль Жошыбаев ХКБ бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 бас комиссары Бруно Паскуинодан ЭКСПО байрағын қабылдады.

Бүгін бұл байрақ Астана қаласына жеткізілді.

«Келешек ЭКСПО-ға табысталған байрақты елімізге алып келдік. Бұл жай ғана жалау емес, бұл – еліміздің жаңа табыстарға жетер жолы деп білеміз. Елбасымыз Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейлі 70-ші сессиясында атап өткендей, Қазақстан әлемдегі «жасыл» энергия технологиясын алға жылжытуда бастау бола алады. Біз ұсынып отырған «Болашақ энергиясы» тақырыбы күн санап өз өзектілігін арттыруда»,- деп мәлімдеді «ExpoMilano 2015» бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР ұлттық секциясының Бас комиссары Әнуарбек Мусин.

Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны ретінде Астана 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде ХКБ-ның мүшесі болып табылатын 161 мемлекеттің өкілінің жасырын дауыс беруі барысында таңдалды. Астана өтінішін 103 ел қолдады.

 

   

 


 

 

Хабарламаларға жазылу