«Әлем Барысына» Грузия елінен келетін спортшы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысына» Грузия елінен келетін спортшы белгілі болды

09.10.2014
«Әлем Барысына» Грузия елінен келетін спортшы белгілі болды

25 қазанда Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Грузия елінің намысын қорғайтын палуанның есімі – Гиорги Закариадзе. Палуанның дзюдодан ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мықты нәтижелер көрсеткен.

Туған жылы – 1993.

Жасы – 21.

Салмағы – 150 келі.

Бойы – 190 см.

Грузия палуанының дзюдодан жетістіктеріне тоқталсақ:

2009 жылы жасөспірімдер арасында Грузия чемпионы;

2012 жылы жастар арасында өткен Грузия чемпионатының қола жүлдегері;

2013 жылы жастар арасында өткен Грузия чемпионатының күміс жүлдегері;

2013 жылы ерлер арасында өткен Грузия чемпионатының қола жүлдегері;

2013 жылы жастар арасында өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

2013 жылы Тбилиси қаласында өткен Еуропаның ашық біріншілігінің қола жүлдегері;

2013 жылы Берлин қаласында өткен Еуропаның ашық біріншілігінің жеңімпазы.

vk.com/kazakhstanbarysy_2014

Хабарламаларға жазылу