Павлодарда әйелдер арасында тұңғыш рет шайбалы хоккейден чемпионат өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда әйелдер арасында тұңғыш рет шайбалы хоккейден чемпионат өтеді

30.10.2015
Павлодарда әйелдер арасында тұңғыш рет шайбалы хоккейден чемпионат өтеді

Облыс орталығында өтетін спорт жарысының ұйымдастырушыларының бірі Тимур Чиготаевтің айтуынша, жарыс «Астана» мұз сарайында қарашаның 3-8 күндері аралығында өтеді.

«Бірінші турға төрт команда қатысады. Олардың қатарында павлодарлық «Ертіс», рудныйлық «Горняк», өскемендік «Устинка» және астаналық «Томирис» бар. Қалған төрт команданың аттары жуық арада белгілі болып, қатарға қосылады. Ойынға республикалық дәрежедегі төрешілер төрелік етеді», - деді Т. Чиготаев.

Оның сөзінше, ел біріншілігі Павлодар қаласында тұңғыш рет өткелі отыр. Былтырғы жылы жарыс Алматы қаласында ұйымдастырылған. Әйелдер арасында шайбалы хоккейден 2014-2015 жылғы чемпионатында павлодарлық «Ертіс» алтыншы орын иеленген болатын, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.  

 



 

 

Хабарламаларға жазылу