Каратэ. Сабина Захарова Азия ойындарында күміс медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэ. Сабина Захарова Азия ойындарында күміс медаль иеленді

03.10.2014
Каратэ. Сабина Захарова Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында каратэ жарысының финалдық жекпе-жектері өтті.

Әйелдер арасында 55 келіге дейін салмақта сынға түскен қазақстандық Сабина Захарова тайпейлік Цу Юн Вен кездесті. Өкінішке қарай, Сабина 1:7 есебімен есе жіберіп, Азия ойындарының «күмісін» алды.

Айта кетейік, Сабина шешуші сынға дейін индонезиялық Кок Истри Агунг Санистяраниді (8:0), Оңтүстік Корея спортшысы Таиюн Анды (0:0, 5:0) және филиппиндік Мае Сориано (6:1) ұтқан еді.

Хабарламаларға жазылу