Оқ ату спортында мергендер арнайы спорттық киімдер киеді. Онсыз ату алаңына жіберілмейтін спортшылар киімнің теріден немесе былғарыдан тігілуін қадағалау керек.
Сондай-ақ, күртешедегі түймелерді тағуға арналған арнайы ілгіштер, қолды терлетпейтін қолғап, мергеннің көзіне жан-жақтан түсетін жарықтан қорғайтын пердеше – мұның бәрі жарыста жақсы нәтиже көрсетуге септігін тигізеді.
Оқ ату спорты спортшының қабілетіне қарай түрлі талаптарды қажет етеді. Ең бірінші мерген ату кезінде бар ынтаны салып, жан-жағына көңіл аудармай, жинақталуы қажет.
Себебі бұл спорт түрі спортшылардың психологиялық белсенділігін арттырып, көңіл аудару, ынта қою, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Оқ ату спорты туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.