Париждегі дүбірлі додаға дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі дүбірлі додаға дайындық пысықталды

06.02.2024

Алда Париж. Олимпиадаға дайындық штабы өз жұмысын осы бағытта пысықтай бастады. 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвонда өткен жасөспірімдер арасындағы Ақ Олимпиадада 5 спорт түрінен 9 дисциплина бойынша жүлдеге таласқан атлеттеріміз, 1 алтын мен 2 қола медаль еншіледі. Қазақстан жалпы жүлде кестесінде тұңғыш рет 20-шы орынға табан тіреді. Бұл – еліміз үшін жасөспірімдер арасындағы тамаша спорттық көрсеткіш.

Ендігі кезекте бүкіл әлем көз тіккен байрақты бәсекелердің бірі – Париж-2024 жазғы Олимпиадасы. Басты мақсат – барынша көп лицензия жинап, еліміздің атынан қатысатын спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне ұйытқы болу. Қазір ел қоржынында 8 спорт түрінен 19 лицензия бар. Олимпиада ойындарына дейін тағы 70-ке жуық лицензиялық жарыс болады. Оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир бар.

Елсияр Қанағатов, Олимпиадаға дайындық штабының басшысы:

Біздің штабтың жұмысы сол спортшыларымыздың дайындығы мәселелері осы ұйымдастыру комитетінің өзінің тәртібі бойынша сұрайтын сұраныстарына уақытында жауап беріп, бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын нақты атқару енді оның бәрі, әрине, Ұлттық олимпиада комитеті бар, Туризм және спорт министрлігі, Спортты дамыту дирекциясы, федерациялармен бірігіп істелетін жұмыстар. 


Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу