Қазақстанның Сочи-2014-ке дайындығына 1 миллиард теңге жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Сочи-2014-ке дайындығына 1 миллиард теңге жұмсалған

05.02.2014
Қазақстанның Сочи-2014-ке дайындығына 1 миллиард теңге жұмсалған
Қазақстандықтардың Сочи Олимпиадасына дайындық үшін жұмсаған шығыны 1 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлімдеді.
 
Айта кетейік, ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар  спорттың 10 түрінен 40 лицензия ұтып алды.
 
Сондай-ақ, Қазақстан орын алған спортшыларға беретін сыйақы мөлшері бойынша қатысушы елдер арасында көш басында. Алтын медаль алған спортшыларға – 250 мың АҚШ доллары, күміс медаль иеленгендерге – 150 мың АҚШ доллары, ал қола медаль алғандарға 75 мың АҚШ доллары беріледі.

Хабарламаларға жазылу