Алматыда балықты қолдан өсіретін орталық бар. Мұнда балықтың 60-қа жуық түрі өсіріледі. Қазіргі кезде орталыққа жаңа тұқымдар алынған.
«Біздің орталықта балықты шағылыстыруға тәжірибе жасалады. Яғни, біз балықтың жаңа түрлерін алуға тырысамыз. Селекция – қызықты процес. Дене бітімі мен түсі әртүрлі балықтарды шағылыстыру – өте ұзақ уақытты және көп еңбекті талап етеді. Нәтижесін де көру – өте қызық», - дейді орталық директоры Олег Гаврилов.
Мұнда балықтарға барлық жағдай қарастырылған. Өсім нәтижелі болу үшін табиғи орта жасалған. Аквариумның ішінде балдыр, теңіз маржандары өсіріледі. Теңіз суы да бар.
Балық өсіру орталығы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.