Астана қаласы Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері күнделікті қала аумағында инерттік материалдарды (көмір және күл) төгу фактілерін анықтау бойынша Промышленный, Теміржол, Көктал және Ильинка елдімекендерінің жеке секторларына тексеріс жұмыстарын жүргізді.
«Шараның мақсаты – жеке меншік үйде тұратын азаматтардың аббаттандыру тәртібін сақтауын қадағалау», – дейді Астана қаласы Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Игорь Горбунов.
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, төрт күндік рейдтік іс-шаралар аясында жеке үй-жайлар аумағына көмір және күл қалдықтарын төгудің 86 фактісі анықталды. Сондай-ақ, үй-жайлардың иелеріне жалпы сомасы 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Астана қаласы Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен жеке секторлардағы абаттандыру ережелерін сақтауды қадағалау мақсатында 123 іс-шара өткізген.