Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болады

15.11.2021

Алматыда бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады. Себебі ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан төтеншеліктер жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ара қашықтықты сақтап, басып озудан аулақ болған жөн.

Ал жаяу жүргіншілер мұз қатқан жолмен абайлап жүргені немесе айналып өткені дұрыс. Әсіресе аялдамаларда, дүкендерге кіреберіс баспалдақтарда аяқ астына қарап, қырағы болғаны абзал дейді ведомства өкілдері. Сондай-ақ көшеде ұялы телефонға  алаңдамауға кеңес береді.


Хабарламаларға жазылу