Ә.Жақсыбеков пен Мәскеу мэрі С.Собянин Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы серіктестік бағдарламасына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Жақсыбеков пен Мәскеу мэрі С.Собянин Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы серіктестік бағдарламасына қол қойды

24.10.2015
Ә.Жақсыбеков пен Мәскеу мэрі С.Собянин Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы серіктестік бағдарламасына қол қойды

Бүгінгі кездесуге Мәскеу Үкіметіндегі қала құрылысы саясаты мен құрылыс мәселелері бойынша Мәскеу мэрінің орынбасары Марат Хуснуллин, қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы департаментінің басшысы, Мәскеу мэрінің орынбасары Максим Ликсутов пен Мәскеу Үкіметінің министрі, Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин қатысты.

Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі қалалар арасындағы тығыз қарым-қатынасты 2000 жылы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-ағарту салалары бойынша екі елорда арасындағы келісімге қол қою нәтижесінде орнатқан.

Мәскеу мэрінің айтуынша, 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік бағдарламасы қалалық басқару, денсаулық сақтау, ақпараттық технологияларды дамыту секілді бірқатар салалар бойынша екі елорда арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтады. «Біздің серіктестігіміз формальді құжаттармен шектелмеген және шектелмейді де», - деді Сергей Собянин.

Әділбек Жақсыбеков Астана 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік бағдарламасына қол қою нәтижесінде Мәскеумен ортақ жұмыстың жаңа деңгейін бастауға дайын екендігін мәлімдеді. Алда өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне тоқтала кетіп, әкім Мәскеуде ЭКСПО-ның кеңейтілген таныстырылымын, соның ішінде келесі жылы Мәскеудегі Астананың мәдени күндерін, сондай-ақ, көрме кезінде Мәскеудің Астанадағы мәдени күндерін өткізуді ұсынды.

Хабарламаларға жазылу